Әлімханұлы мен Банктің титулдық жекпе-жегінің өтетін орны мен уақыты нақтыланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен дат спортшысы Якоб Банк арасындағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жектің мерзімі нақтыланды, деп хабарлайды INFORMSPORTS .

Фото: sports.kz

Екінші орта салмақтағы бос тұрған белбеу үшін болатын бұл айқас бастапқыда желтоқсанда өтеді деп хабарланған. Алайда көп өтпей 2027 жылдың қаңтар айына ауыстырылды.

«The Ring» басылымының инсайдері Майк Коппинджер Якоб Банктің менеджері Спенсер Браунға сілтеме жасап, бұл ақпаратты нақтылады. Жекпе-жек Дания астанасы Копенгагенде ұйымдастырылады.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін 2025 жылдың сәуір айында Астанада рингке шығып, француз Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірген болатын. Ал оның қарсыласы Якоб Банк былтыр 25 шілдеде Жиддада (Сауд Арабиясы) британдық Павел Августыникті жеңген еді.

Бұдан бұрын Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк әлем чемпионы белбеуі үшін жекпе-жек өткізуге келіскенін жазғанбыз.