Әлімханұлы мен Гуальтьери жекпе-жек алдында көз арбасты

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) IBF титулына ие германиялық Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) жекпе-жек алдында көз арбасты, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: boxingscene.com

Айқас АҚШ-тың Розенберг қаласында өтеді. Отандасымыз WBO титулын екінші рет қорғағалы отыр, ал Гуальтиери белбеуін алғаш рет қорғайды. Винченцо бұл атаққа биыл шілдеде бразилиялық Эскива Фалькаоды жеңіп, қол жеткізген. Екі боксшы да белбеу біріктіретін жекпе-жекке алғаш рет шығады. 

Әлімханұлы - Гуальтьери арасындағы кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Айта кетейік, бокс кеші 15 қазан күні Астана уақытымен 07:00-де басталады.