Алоэ шырынының пайдасы
Алоэ шырынының құрамында биологиялық белсенді қоспалардың, микроэлементтердің және әртүрлі дәрумендердің көп болуына байланысты бұл шырынның адам ағзасына пайдасы мол.
Ол ас қорыту бездерінің секрециясын жақсартады
Гастрит, созылмалы колит, энтероколит, гастроэнтерит, және ас қорыту жүйесіне байланысты басқа да көптеген ауруларды емдейді.
Ол ағзаның қорғанысын қалпына келтіріп, жалпы әл-ауқатын жақсартады.
Ас қорытуды қалыпқа келтіріп, қышқыл рефлюкс симптомдарын жоюға көмектеседі
Алоэ шырынымен емделу
1) Көптеген тері аурулары кезінде, жазылуы қиын жараларға, ойық жараларды емдеуде алоэ шырыны қолданылады. Ол үшін: алоэ шырынымен балды тең мөлшерде алып, оған 1 ас қасық спирт қосып араластырамыз. Дәрі даяр. Бұл қоспаны стерильді таңғыштар астында күніне екі рет жараланған жерге жағу керек. Оны тоңазытқышта сақтау қажет. Алоэ шырыны дерматит, күйіктер, трофикалық ойықтар, экземаға қарсы әсер етеді. Оны күніне екі рет қолданған жөн.
2) Алоэ шырынымен бронх демікпесі және дизентерияны емдеуге болады. Осы келеңсіздіктерден құтылу үшін: жарты шай қасық бал және тең мөлшерде сүтпен алоэ шырынын қосып, тамақтанудан жарты сағат бұрын ішу керек. Бұл дәріні күніне 3 рет, және 3 апта қабылдау қажет. Содан соң, 14 күн демалып емді қайта бастау қажет.
3) Иммундық жүйені нығайту үшін жаңа сығылған 150 грамм алоэ шырынына, 300 грамм қызыл шарап және 1 стақан бал қосып араластырамыз. Қоспаны 1 апта тоңазытқышта сақтап, содан соң, тамақтанар алдында күніне үш рет бір ас қасықтан қолданыңыз.
4) Шаштың түсуінен сақтану үшін, алоэ шырынымен балды араластырып, оған туралған сарымсақ қосамыз. Барлығын араластырамыз. Дәрі даяр. Осы қоспаны зақымданған жерге жағып, 15 минут ұстайды.