Сағатына 35 шақырым жылдамдықпен жүре алатын темір тұлпардың ішіне 6 адам сыйып кетеді және GPS құрылғысымен жабықталған. Сондықтан оның өзге көліктермен соқтығысып қалуы мүмкін емес. Ал күннен алынған қуат көзі оның 1 тәулік бойы тоқтаусыз жүруіне жетеді. Орнатылған шағын радарлар алдындағы кедергіні анықтап, тоқтауына әсер етеді.
Сонымен қатар Vanke компаниясы робот аспазшыларды шығаруды да қолға алған. Олар 2017 жылы қонақүй ашып, ондағы адамдар атқаратын қызметтің барлығын роботтарға жүктемек.
- Болашақта бұл машиналарды кішігірім аудандарда пайдалануға болады. Әдеттегі автокөліктерге қарағанда бұлар қауіпсіз. Мұнда жүргізушінің маужырап отырды немесе ішімдік ішіп алды деген мәселе жоқ. Сонымен қатар жүргізушіге төленетін қаржыны да үнемдеуге болады, дейді Vanke компаниясының қызметкері Чжан Цзиньмин.