еркін күрес97 келі салмақта ел намысын қорғап жүрген отандасымыз жұбаныш белдесуінде ирандық Әли Әмір Азарпирамен белдесіп, қарсыласынан 6:1 есебімен ұтылып қалды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Әлішер Ерғали ширек финалдық белдесуде әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Бахрейн балуаны Ахмед Тажудиновтан 14:2 есебімен ұтылып қалған болатын.
Айта кетсек, еркін күрестен Париж Олимпиадасына төрт балуанымыз лицензия жеңіп алған болатын.
Олар — Азамат Дәулетбеков, Юсуп Батырмурзаев, Мейрамбек Қартбай және Әлішер Ерғали.
Өкінішке қарай барлығы ел үмітін ақтай алған жоқ.
Генеральный партнер - АО "ФНБ "Самрук Казына"
Партнер - Фонд поддержки спорта Sport Qory