ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін күрестен ел намысын қорғайтын Әлішер Ерғалидың қарсыласы белгілі болды.
Нақтырақ айтсақ, 97 келі салмақта бақ сынайтын Ұлттық құрама балуаны Әлішер Ерғали Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен белдеседі.
Осы жұптың жеңгені әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) немесе Әмір Әли Азарпирамен (Иран) күреседі.
Әлішер үшін бұл екінші Олимпиада ойындары.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Юсуп Батырмырзаев бірінші белдесуінде польшалық Роберт Баранға 4:1 есебімен есе жіберді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.