Бүгін Талдықорған қаласында ауыр атлетикадан ерлер арасында 60 келідегі жеңімпаздардың есімі белгілі болды.
Жұлқа көтеру сайысында Азамат Төлеген 122 келіні көтеріп, жаңа рекордты тіркесе, артынша Әлішер Тұрғанбай 123 келімен көрсеткішті жаңартты.
Әлішер Тұрғанбай (Түркістан обл) - 271 келі (123 148)
Азамат Төлеген (Қызылорда обл) - 269 келі (122 147)
Исламжан Музапаров (Жетісу обл) - 252 келі (109 143)
2025 жылғы осы салмақтағы Қазақстан чемпионатының нәтижесі:
Азамат Төлеген (Қызылорда обл) - 262 келі (119 143)
Әлішер Тұрғанбай (Түркістан обл) - 256 келі (114 142)
Исламжан Музапаров (Жетісу обл) - 244 келі (104 140)
Айта кетелік қазақстандық ауыр атлеттер Мысырдағы әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алған еді.