«Алсим-Аларко» ЖШС елордадағы үш көшенің үйлерін сусыз қалдырды

None
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - «Алсим-Аларко» ЖШС елордадағы үш көшенің үйлерін сусыз қалдырды,

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

««Алсим-Аларко» ЖШС маусымның 21-і күні сағат 20.20-да Астанадағы Сарыарқа ауданы, №49 үйге қарама қарсы орналасқан Күмісбеков көшесі бойымен жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатып, су құбырларына диаметрі 300 мм көлемінде зиян келтірген», - деп нақтылады баспасөз орталық.

Соның нәтижесінде Абй даңғылы бойындағы №8, №3 үйлер, Кенесары көшесі бойындағы №1 үй, Күмісбеков көшесіндегі №7/2, №49 үйлер сусыз қалды.

Жөндеу жұмыстарына «Алсим-Аларко» ЖШС апатты жою бригадасы жұмылдырылған.