Алтай ауданында 2 жасар сәби жоғалып кетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері мен еріктілер Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жоғалып кеткен 2 жасар сәбиді іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17тамыз күні Алтай аудандық полиция бөлімінің 102 нөміріне Средигорное ауылыныңтұрғыны қоңырау шалып, 2017 жылы дүниеге келген ұлының ауладан шығып кеткенінжәне қазіргі уақытқа дейін қайда екендігі белгісіз екенін айтты. Ақпараттүскеннен кейін қажетті іздеу шаралары ұйымдастырылып, оған аудандық полициябөлімі жеке құрамының 100 қызметкері, төтенше жағдайлар қызметінің 24қызметкері және 300 ерікті жұмылдырылды», - делінген ҚР Ішкі істерминистрлігінің Facebook-тегі парақшасында жарияланған ақпаратта.

Қазіргіуақытта Средигорное ауылының және жақын елді мекендердің аумағы тексеріліпжатыр. Іздеу шараларына 36 автокөлік және атты шолғыншылар да тартылған. Сәбиді іздеуге жұмылдырылғанқызметтердің жұмысын үйлестіру үшін аталған өңірге ҚР ІІМ Криминалдық полициядепартаментінің бастығы Арман Баймурзин, ШҚО полиция департаментінің бастығыЖанарбек Бақтыбаев және Алтай ауданының әкімі Нұржан Төсейітов арнайы барған.

Жоғалғансәби, 2017 жылы дүниегекелген Әлихан Талғатовтың бойы 80-90 см, шашы қара, қысқа. Үстіне балықтыңсуреті бар көк түсті футболка, көкшіл-сарғыш түсті шолақ шалбар киген. Сәбигеқатысты кез келген ақпаратты 102 нөмірі арқылы полиция органдарына хабарлаукерек.


Соңғы жаңалықтар