«20 тамыз күні Алтай ауданына қарасты Средигорноеауылында полиция қызметкерлері құдықтағы суды сорып алып, түбін лайдан тазалауарқылы қосымша тексеруге бастамашылық жасады. Қайта қарау барысында зардапшегушінің ауласында орналасқан құдықта, лай астынан 2017 жылы дүниеге келгенсәби Әлихан Талғатовтың мүрдесі табылды», - делінген полиция департаментітаратқан ақпаратта.
Қазіргі уақытта полиция департаментінің жедел тергеутобы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Комиссиялық сот-медициналық сараптаматағайындалған. Сәбидің мүрдесі Сот сараптамалары орталығына жіберілген.
Бұған дейін полиция қызметкерлері мен еріктілер ШығысҚазақстан облысының Алтай ауданында жоғалып кеткен 2 жасқа толмаған сәбидііздеп жатқанын хабарлаған едік.