«Бапкерлік мансабын 1996 жылы «Қайрат» футбол клубында бастаған. Одан кейін қазақстандық маман «Тараз», «Атырау», «Ақтөбе», «Ордабасы», «Мақтарал» командаларын және 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасын жаттықтырған. Сондай-ақ Масудов Super bol жобасында қызмет етті», - делінген хабарламада.
Жаттықтырушылар құрамына жергілікті мамандар, жаттықтырушының көмекшісі – Вячеслав Александрович Зинюков, дене шынықтыру жаттықтырушысы – Егор Сергеевич Скулкин, қақпашылар жаттықтырушысы – Илья Евгеньевич Байтеряков кірді.
Еске салсақ, бұған дейін «Ертіс» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалғанын хабарлаған едік.