Алтай Invest-2018: 300 млрд теңгенің меморандумына қол қойылды

Фото: None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде өтіп жатқан инвестициялық форумның алғашқы нәтижелері белгілі болды. 18 елден келген инвесторлар 45 меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Форум барысында шетелдік инвесторларға 886,2 млрд теңгенің 110 жобасы ұсынылған болатын. Олар туризм, өнеркәсіп, эенергетика және коммуналдық шаруашылық, агроөнеркәсіп және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік салаларын қамтыды.

Инвесторлардың назары экологиялық таза азық-түлік ұсынған жобаларға ерекше  ауғанын айта кету керек.

«Шығыс Қазақстан әлемнің 80-нен астам елімен сыртқы сауда байланысын орнатқан. Сондықтан, инвестормен ынтымақтастық жақсы жолға қойылған деуге болады. Бүгінгі форумды қорытындылайтын болсақ, 45 меморандум жасалды. Олардың құны 295 млрд теңгеден асып отыр. Пленарлық отырыстың өзінде жалпы құны 104 млрд теңге болатын үш жоба бойынша келісім жасалды. Биыл келіссөздер экономиканы цифрландыру мәселесін көбірек қамтыды. Көше шамдарын жаңарту, аудан орталықтарын сапалы бейнебақылаумен қамту, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, білім беру ошақтарын заманауи құрылғылармен жабдықтау сияқты жобаларға қаржы тарта алдық. Бұл жобалар жүзеге асса, тұрғындардың өмір сапасы артатын болады» - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов. 

Соңғы жаңалықтар