Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы туралы айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Аstana LRT жобасы бойынша бұғатталған қаржыны мемлекетке қайтаруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырсында бюджеттітиімді игеру бойынша ауқымды тапсырмалар бергенін еске салған Алтай КөлгіновАstana LRT жобасы жайлы сөз қозғады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аstana LRT жоба құны тым жоғары екенін, өзін-өзі ақтайтыныкүмәнді екенін айтты. Қазір Үкіметпен бірге құрылыс құнын оңтайландыру бойыншажұмыстар істеп жатырмыз. «Астана» банкінің LRT құрылысы бойынша бұғатталған барлыққаражаты мемлекетке қайтарылуы тиіс», - деген қала әкімі алдағы уақытта бюджеттік бағдарламалардыңқайта жасалатынын жеткізді.

«Имидждік жобалардан тартыну қажет болады. Президент бұлтұрғыда айқын мақсат қойды. Бюджеттік жобалар «Не үшін қажет» және«Әлеуметтік-экономикалық тиімділігі қандай» деген ең қарапайым екі сауалғажауап беру тиіс екенін атап өтті. Расымен де жобаны дайындағанда техникалық-экономикалық құжаттама мен жобалық сметасынан бұрынқандай әлеуметтік-экономикалық мәселені шешетініне бас ауырту қажет», - дедіАлтай Көлгінов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласында салынып жатқан LRT -ның құрылысы уақытша тоқтатылған болатын. Сонымен қатар, биыл көктемде Әлихан Смайылов елордада жеңіл рельсті көлік құрылысы (LRT) бойынша жоба жалғасын табатынын айтқан еді. Сондай-ақ, кейін LRT құрылысының қашан нақты аяқталатыны белгілі болды.



Соңғы жаңалықтар