«Оқу жылының басталуына және еңбек демалысы маусымының аяқталуына байланысты жолдарда трафик артып отыр. Осы ретте, өз бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Көлік басқармасына тұрғындар арасында аса сұранысқа ие бағыттарға қосымша автобустар шығаруға, сондай-ақ қоғамдық көліктің желіге барынша толық шығуын және күту арақашықтығын азайтуды тапсырдым», - деп жазды қала әкімі Twitter-де.
09:21, 29 Тамыз 2019
Алтай Көлгінов автобустарды күту интервалын азайтуды жүктеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сұранысы жоғары бағыттарға қосымша автобустар шығаруды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.