«Коронавирус індеті етек жаюына байланысты бар күшімізді денсаулық сақтау саласына аударып жатырмыз. Ол үшін арнайы ахуал орталығын құрдық. Айталық, ауруға шалдыққандардың саны күрт өскен жағдайда қала бойынша қай ауруханада қанша орын барын анықтап, шұғыл шешім қабылдайтын орын. Сол сияқты қосымша инфекциялық аурухана салынды. Пандемияның алғашқы толқынында қаладағы барлық медицина мекемелері тек қана КВИ-ге қарсы күресті. Қазіргі уақытта елордада жағдай тұрақты, бірақ босаңсуға болмайды», - деді Алтай Көлгінов Астана телеарнасына берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қала бойынша 18 медициналық нысан аталған індетпен күресуге дайын.
«Бүгінде елордада вакцина салу процесі өз деңгейінде жүріп жатыр. Біз мұны құптаймыз. Егер жағдай өршімесін десек вакцина салдыруды жалғастырған жөн. Себебі дамыған елдердің барлығы вакциналауды қолдап отыр, бүгінде әлем бойынша вакцина егуден Израиль көш бастап тұр. Демек бұл әлемдік тәжірибе. Оның үстіне біз дәрігерлер 1 жылға жуық уақыттың ішінде індетпен күресте әжептәуір тәжірибе жинақтады. Олар қала бойынша мыңдаған адамның өмірін ажалдан алып қалды, осы орайда олардың еңбегі зор», - деді ол.
Бұған дейін елорда әкімі қала тұрғындарының игілігі үшін жаңа сайттың іске қосылатынын мәлім етті.