«Мемлекет басшысы креативті индустрияны дамытуды тапсырды. Былтыр креативті индустрия туралы заңнамалық нормалар қабылданып, онда Үкімет пен уәкілетті органның құзыреті айқындалды. Жақын арада креативті индустрияға жататын экономикалық қызмет түрлері анықталып, оларды ынтыландарудың іс-шаралары пысықталады. Бұл бағыттағы өзекті мәселелердің бірі Креативті индустрияны қолдау қорын құру болып саналады», - деді А. Көлгінов Мәдениет министрлігінің алқа мәжілісінде.
Оның пайымынша, жаңа құрылым коммерциялық әлеуеті бар шығармашылық идеяларды іздестіріп, оларды жүзеге асыруға жәрдемдесуі тиіс.
«Қордың көмегімен стартаптар өз өнімдерін нарыққа шығарып, венчурлық инвестицияларды тартуға мүмкіндік алады. Инвесторларды стартаптармен таныстыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығында Креативті өнім жәрмеңкесін ұйымдастырған жөн», - деді Үкімет басшысының орынбасары.
Бұдан бұрын хабарланғандай, креативті индустрияның ел экономикасына қосқан үлесін 2025 жылы 5 пайызға дейін арттыру міндеті тұр.
Фото: gov.kz