Әкімнің айтуынша, жыл сайын қалада 3 млн шаршы метр тұрғын үй салу міндеті қойылады. Соңғы үш жылда 8 млн шаршы метрден баспана пайдалануға берілген.
«Жыл сайын 3 млн шаршы метр тұрғын үй - бұл өте үлкен қарқын. Мәселен, 2019 жылы 1 млн 700 мың шаршы метр, 2020 жылы - 3 млн, 2021 жылы – 3 млн 20 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Олардың барлығын инженерлік желілермен қамтамасыз ету қажет. Біз қарқынды бәсеңдетейік. Өйткені біз үлгермей жатырмыз. Әсіресе, жаңа құрылыс аудандары қарқынды дамуда», - деді Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар, елорда әкімі астанада 10 жыл бойы салынып жатқан үшінші жылу электр станциясының қашан аяқталатынын мәлімдеді.