НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Сарыарқа ауданындағы аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімнің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
«Шаһарда «Бюджетке қатысу» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Қала өмірін жақсартуға арналған идеяларын тұрғындар өздері алға тартып, одан соң ұнаған жобаға дауыс берілді. Өткізілген конкурс нәтижесі бойынша абаттандырылып жатқан 10 ауланы аралап шықтым. Талқылауға тұрғындардың белсенді қатысуы қуантады», - деп жазады Алтай Көлгінов.
Жалпы, биыл Сарыарқа ауданында 40 ауланы абаттандыру көзделген.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.