Алтай Көлгінов Гарвард университетінің студенттерін елордаға жұмыс істеуге шақырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Назарбаев Университетінде HPAIR Азия халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен өзбаяндамамда қазіргі ауыспалы замандағы оң өзгерістер жайлы қозғадым. Біз үшінбасты өзгеріс ол біздің тәуелсіздік, бұрын қалай болды, қазір қандай. Оданбөлек, тағы бір нақты мысал ол біздің Ақмоладан Астанаға одан Нұр-Сұлтанғаайналуы. Қаншама отандастарымызға оның ішінде жастарға мүмкіндік ашты. Атапайтқанда, Назарбаев Университеті. Мұнда20 мемлекеттен келген жастар білім алып жатыр. Сондай-ақ, Болашақ бағдарламасыбіздің таптырмас мүмкіндік және ол да заманға сай өзгерудің бір құралы. Себебібұл бағдарлама арқылы қаншама жастарымыз әлемнің маңдайалды жоғары оқуорындарында оқып, заман көшінен қалмауда», - деді Алтай Көлгінов конференцияда.


Сондай-ақ,қала басшысы аталған шараның қазақстандық жастар үшін маңызды екенін айтыпөтті.

«Соныменқатар, мемлекет бастамасымен президенттік кадрлық резервтің әзірленуі және оған300 жас таңдалынып алынады. Бұл да тың өзгеріс, заманталабы болып отыр. Себебі бүгінгі конференцияның тақырыбы уақыт талабына сайөзгеріс туралы болып отыр. Және бүгінгі шараға қатысып отырған Гарвард университетінің студенттерін елордағашақырдық. Яғни осында жұмыс істеуге және тұруға. Бүгінгі шараның тағы бірмаңызы Назарбаев Университетініңдеңгейін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, біздің студенттер үшін де тамаша мүмкіндік.Өйткені, әлемдік деңгейдегі Гарвард университетінің профессорлары біздің басқаламызға келіп, өз тәжірибелерімен бөлісуде», - деді ол.


Айта кетсек,HPAIR Asia Conference 2019 (The Harvard College Project for Asian andInternational Relations), 1991 жылдан бері Азияның ірі қалаларында өтетінхалықаралық жастар конференциясы.

Шараны HPAIRұйымы мен Гарвард университетінің өнер және ғылым факультеті және Назарбаев Университеті бірлесеұйымдастырған. Және конференция өзінің 28 жылдық тарихында ОрталықАзияда және посткеңестік елдер арасында Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр.


Ұйымдастырушылардыңайтуынша, бес күнге созылатын халықаралық конференцияда ғаламдық нарықтар жәнеэкономика, көркемөнер, БАҚ және мәдениет, әлеуметтік саясат және әділеттілік,энергетика және экологиялық тұрақтылық, басқару және геосаясат, ғылымитехнологиялар мәселелері қозғалады.


Соңғы жаңалықтар