Алтай Көлгінов: Қала тұрғындары көтерген мәселелердің барлығы жоспарға алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көтерген мәселелердің барлығы жоспарға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгіов өзінің Facebook парақшасында жазды.

«Бүгін »Байқоңыр« ауданының тұрғындарымен кездестім. 2 сағат ішінде қала тұрғындары 70-ке жуық сұрақ қойды. Тұрғындар әлеуметтік нысандардың құрылысы, елді-мекендерді дамыту, қоғамдық көліктердің бағыттарын арттыру, аумақты абаттандыру, көшелерді жарықтандыру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ, тұрғын үй бағдарламаларына қатысу және апатты үйлерді сүру мәселелеріне де тоқталып өтті. Жалпы осы жылы »Нұрлы жер« бағдарламасы бойынша 8 апатты үйдің тұрғындарын көшірдік. Мұнай базалары маңында орналасқан 39 разъездегі 27 үйдің жиырмасының тұрғындары пәтер алды»,-деп жазды елорда әкімі.

Сондай-ақ ол тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе жұмыс жоспарына алынғандығын және «Ашық микрофон» форматындағы мұндай кездесулердің тұрақты түрде өтетінін хабарлады.