«Сіздерді 100 жылдық мерейтоймен шын жүректен құттықтаймын.
«ҚазАқпарат» халықаралық агенттігі – ғасырлық тарихы бар еліміздегі басты ақпарат агенттігі. Тәуелсіздігімізді нығайту жолында үлес қоса отырып, талай дарынды кәсіби мамандарды қалыптастырған, билік пен бұқара арасында алтын көпірге айнала білген ұжымның қызметін ерекше атап өткім келеді.
Сіздердің жауапкершілігі мол, ақпарат саласындағы атқарған еңбектеріңізді қоғам жоғары бағалайды.
Алдағы уақытта кәсіби қызметтеріңізге толағай табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!», - деді А.Көлгінов өз құттықтауында.