«Бірден айтайын, көлге ешкім тиіспейді. Ағын су жинағы болса да, халық оны көл деп атап кеткен. Талдыкөлдің өзінде көңіл көтеру аумағы салынады. Оны көгалдандырып, халық серуендейтін жағдай жасаймыз. Бірақ, сол жағалауда үйлер көптеп салынбай тұрғанда, мұнда сарқын сулар жиналатын», - деп жауап берді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.
Әкімнің айтуынша, Талдыкөлдегі су көлемі қазір азайған. Бұрын 50 млн текше метр су болса, қазір 8 млн текше метр су қалған.
«Елордада құрылыс күшейгендіктен, су көлемі азайған. Тағы да қайталап айтайын, су айдынына ешкім тиіспейді. Ал оның айналасында жоспарланған құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Көптеген үйлер салынып үлгерді», - деді А. Көлгінов.
Нұр-Сұлан әкімдігінің хабарлауынша, Талдыкөл көлінің жанында жаңа экопарк салынады.