«Өнеркәсіптегі жазатайым оқиғалардан әлеуметтік сақтандыру жүйесі жүйелі жолға қойылмаған. Кәсіпорындардағы жағдай жұмыс беруші мен жұмыскер үшін тиімді болуы тиіс. Дегенмен сақтандыру көрсеткіштері төмендеп барады. Бүгінгі таңда еліміздегі кәсіпорындардың 30%-ы ғана өздерінің қызметкерлерін сақтандырды. Оның ішінде 48%-ы жалдамалы жұмыскерлер. Бұл инспекциялар мен сақтандыру компаниялары жіберіп отырған үлкен олқылық», - деп мәлім етті Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар, Алтай Көлгінов баяндама жасай отырып, жыл сайын еліміздегі кәсіпорындарда 2 мың адам өнеркәсіптік жарақат алып, салдарынан шамамен 200 жұмыскер көз жұматынын мәлімдеді.