Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласы атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тарихи шешім қабылданды. Енді менің жеке пікірімді сұрайтын болсаңыз, тарихты бұрмалауға жоқпын. Қазір ресми түрде қаламыздың аты – Нұр-Сұлтан. Бәріміз сол Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, жұмыс істеп жатырмыз», - деді Алтай Көлгінов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

2019 жылдың 23 наурызында Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойған еді.