Алтай Көлгінов «Жағалау 3,4» және «Шығыс» тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен кездесті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі тағы да үлестік құрылыс нысандарының құрылыс алаңдарын тексеріп, олардың үлескерлерімен әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Алтай Көлгінов «Жағалау-3» ТК (А-Ж блоктары), Сығанақ көшесі, Қорғалжынтас жолының оңтүстігіне қарай орналасқан «Жағалау-4» ТК құрылысы орнында болды.Сондай-ақ ол Тұран даңғылының батысына қарай Сығанақ көшесі (жобаланатын)бойында салынып жатқан «Шығыс» ТК мәселелерімен танысты. Бұл тұрғын үйлерде1500-ден астам үлескер өз пәтерлерін күтуде.

Кездесу барысында олар құрылыстың созылуына қатысты наразылықтарынбілдірді. Үлескерлермен әңгімелесе келе, әкім өз тарапынан әкімдік нысандардытапсырудың бекітілген мерзімі орындалуы үшін барлық шараларды қолданатынын атапөтті. Сонымен қатар, ол құрылыс салушылар өз қаражатын үйлерге салғанадамдардың сенімін ақтамағанын, олар ұзақ жылдар бойы құрылысы аяқталмаған,сондай-ақ көптеген кемшіліктер бар екенін атап өтті.

«Құрылысты салушылар үлескерлердің ақшасын пайдалана отырып, үй салуміндетін өз мойнына алды, бірақ адамдардың сенімін ақтамады. Мұндай теріс пиғылдыадамдармен алдағы уақытта жұмыс істемейтін боламыз. Енді аталмыш мәселені өзкүшімізбен жеткіземіз. Ең бастысы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекетқаражаты бөлінді. Құрылысты аяқтау және үлескерлердің ұзаққа созылғанмәселелерін түпкілікті шешу процесін бақылауда ұстаймыз», - деді әкім.




Соңғы жаңалықтар