Алтай Көлгіновке проблемалы үйлердің құрылыс қарқыны ұнамады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов кезекті рет проблемалы тұрғын үй нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан әкімі 30шілде күні кешке алдымен «Жеті жол» тұрғын үй кешенінің (Көкталкенті) құрылыс алаңына ат басын тіреген. Аталған үйдің құрылысы 2013 жылы басталған,2015 жылы нысан проблемалы деп танылған. Үлескерлердің саны –600 адамға жуық.

Құрылыс қарқыныныңбаяулығын байқаған Алтай Көлгінов: «Үш апта бұрын кездестік. Құрылысбаяу жүріп жатыр. Маған жұмыс қарқыны ұнамайды. Бастағаннан кейін аяқтау керек.Егер сіз де осындай ұстанымды ұстансаңыз, сіздің алдыңғы құрылыс салушыдан ешайырмашылығыңыз болмайды ғой. Біз сізге жобалау жұмыстары бойынша көмектесіп,барлық мәселелерді зерделеп отырмыз. Тездету керек, құрылыс маусымы аяқталыпқалды», - деп кейістік танытты.

Екінші объект - «Комфорт»тұрғын үй кешені болды. Бұл нысан 2015 жылы проблемалы болып танылған. Үлескерлердің саны – 227адам. Құрылыс салушы аталған нысанда жұмыс жүргізіліп жатқанын, жұмысшылардыңекінші ауысымы туралы мәселе қаралуүстінде екенін атап өтті. Қазіргі кезде олар инженерлікжелілер жобасын күтуде.

«Бұл қарқынды тоқтатпаңыз. Қысқа мерзімде нәтижекөрсеттіңіз, жұмыс жүргізілгені байқалады. Инженерлік желілердің жобасыналғаннан кейін абаттандыру мәселелері бойынша жұмысты бастау керек», - деп атапөтті А.Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар