АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
- Қымбатты отандастар! Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін бәріміз жүз жылдықтың ширек ғасырлық белесіне қадам басқалы тұрмыз. Биыл Алтай мен Атырау арасындағы барша жұрт тарихтың жаңа парағын бір мезетте ашады, - деді Президент.
Мемлекет басшысы екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл күймен күтетін халыққа, ең алдымен амандық тіледі.
- Бұл – нағыз отбасылық мереке. Сондықтан, мен баршаңызға, ең алдымен, еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын дегім келеді, - деп тілегін білдірді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетсек, 2024 жылғы 1 наурыз күні Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі (UTC 5) орнаған болатын.
Президент құттықтауының толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.