18:41, 09 Қаңтар 2009
Алтай Республикасында бортында 13 адамы бар тікұшақ жоғалып кетті
МӘСКЕУ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат – Алтай Республикасында бортында 13 адам бар Ми-8 тікұшағы жоғалып кетті, оның жетеуі – жолаушылар,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.РФ ТЖМ Сібір аймақтық орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Газпромавиа» кәсіпорнына қарайтын тікұшақ бүгін мәскеу уақытымен 11:00-де байланысқа шыққан жоқ. Күндіз АН-2 ұшағымен оны іздеу басталды. Қараңғы түскесін іздестіру тоқталып, ол ертең қаңтардың 10-ында қайта жалғастырылмақ.