Соңғы бір аптадан бері мектептерде екінші ауысым оқушылары бірінші рет сабаққа барып отыр. Дегенмен, облыстың үш ауданында әлі де аяз сақталуда. Зырян ауданында ауа температурасы минус 40-ты көрсетіп, екі ауысым оқушылары үшін де сабақ тоқтатылған. Көкпекті және Катонқарағай аудандарында да осындай жағдай. Ауа температурасы - минус 37 градус. Үржар және Зайсан аудандарында минус 33 градус аяз тіркелгенімен, сабақ тоқталыған жоқ.
Есімжан Нақтыбай