Алтайда бітімгерлік сот ғимаратында жарылыс болды

None
АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Алтайда бітімгерлік сот ғимараты алдында жарылыс болды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдарының өкілі хабарлады, деп жазды Утро. ру.

Тәртіп сақшылары журналистерге мәлім еткендей, жарылыс толқыны мекеменің есіктерін ұшырып әкеткен, жақын маңда орналасқан үйлердің терезелері күл-талқан болды. Төтенше жағдай Рубцовск қаласында орын алды.

«Жарылыстан кейін өрт болмады, қаза тапқандар жоқ. Бомбаның қуаттылығы мен оның үлгісін сарапшылар анықтауда», - деді полиция қызметкері. Ол атап өткендей, бітімгерлік сот ғимаратынан ештеңе жоғалмаған.