Ескерткіш маңында концерт қойылды. Онда Барнаул мен Таулы Алтайдың өнерпаздары The Beatles тобының әндерін орындады. Леннон ескерткішінің ашылуын ұйымдастырушылар Ресейдегі Ұлыбритания жылына орайластырды.
Мүсінде Джон Леннон грампластинканың үстінде тұр, монументтің екінші жағында музыканттың сүйген жары Йоко Оно бейнеленген. Ал оның қасында қоңыз қашалған, "Imagine" әнінің сөздері ойып жазылған. Мүсінші бұл туындыны барша әлемдегі бейбітшіліктің символы ретінде таңдаған, деп жазады ИТАР-ТАСС.