Алтайда Василий Шукшин атындағы әдебиет сыйлығы тапсырылды

МӘСКЕУ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат - Воронеждік жазушы Иван Евсеенко жазушы, актер және режиссер Василий Шукшин атындағы екінші Бүкілресейлік әдебиет сыйлығының лауреаты атанды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РАТА-ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Награданы тапсыру шілденің 26-сында «Алтайдағы Шукшин күндері» фестивалінің жабылу салтанатының барысында Алтай өлкесі Сростки селосы Пикет тауында болды.

Евсеенко 150 мың рубль мөлшеріндегі сыйлықты Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлиннің қолынан алды. Оған сыйлық «Қоңыраулар үнсіз тұрғанда» және «Сарабанда» хикаялар мен әңгімелер жинақтары және т.б. кітаптары үшін берілді.