Алтайда жоғалған 2 жасар бала дронмен іздестірілуде

Фото: None
АЛТАЙ АУДАНЫ. ҚазАқпарат – Екі тәуліктен бері Алтай ауданында жоғалған 2 жасар бала табылмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстаноблысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жоғалған баланыіздеуге Өскеменнен арнайы мамандар да келіпті.

«Оқиға орнында құтқарушылар мен полицияқызметкерлерінен, жергілікті әкімдікөкілдері пен еріктерлерден құралған 200 адам іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. 2017 жылы туған сәби өз үйініңауласынан жоғалған болатын. Іздеуші топ шөп басқан аумақтар мен шұңқырларды,арықтар мен жертөлелерді, иесіз құрылыстарды тексеруде. Үй ауласынан 20 метр қашықтықта Қайыңды өзені ағыпжатыр. Қауіп судан келді ме деген декүдік бар. Өскеменнен келгенарнайы топ иісшіл иттердің көмегіне жүгінбек. Ал әуеден дрон арқылы іздеужұмыстары жүріп жатыр», - делінген ШҚО төтенше жағдай департаментініңақпаратында.

Шығыс өңірлік аэроұтқыр құтқару жасағының мамандары кешеҚайыңды өзенінің арнасын тексеріп, ешқандай белгі таппаған болатын. Балажоғалған үйден бес шақырым жерде өзен бойын бақылауда ұстау үшін мобильді штабқұрылған.

Еске салсақ, 18 тамыз күні ШҚО-ның Алтай ауданында 2 жасар сәби өз үйінің ауласынан жоғалып кеткен болатын.