Алтайдың ар жағынан келген күйлер
15:42, 15 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Мамырдың 19-ында Президенттік мәдениет орталығында күйші сазгер Мұқаш Таңғытұлының «Алтайдың ар жағынан келген шертпе күйлер» атты авторлық кеші өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Бұл кештің мақсаты ? Алтай тауының арғы бетінен келген Мұқаш Таңғытұлының шертпе күйлерін Қазақстан жұртшылығына, Астана тұрғындарына таныстыру. Осы шараның өтуіне ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Көші-қон және отандастармен байланыс жөніндегі консультативтік кеңесі атсалысып отыр.