Әлтайыр Ахметов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлтайыр Ахметов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«ӘлтайырАмангелдіұлы Ахметов Қазақстан Республикасы Президенті ӘкімшілігініңМемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол ҚазақстанРеспубликасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректорықызметінен босатылды», - делінген Мемлекет Басшысының Өкімінде.

Әлтайыр Амангелдіұлы Ахметов - мемлекеттік басқарумагистрі, Ұлыбритания, University of Birmingham (2014). Заң ғылымдарының кандидаты. 2000 жылыҚазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген, құқықтанушы.

Еңбек жолын 2000жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі заң бөлімінің референті, атташе ретіндебастаған.

2003–2011 жылдары ҚРПрезиденті Әкімшілігінің әртүрлі бөлімдерінде референт, бас сарапшы, басконсультант, сектор меңгерушісі лауазымдарында істеді.

2011 жылдан ҚР Білімжәне ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетітөрағасының орынбасары міндетін атқаруға кірісті.

2015 жылдан бері ҚРБілім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті төрағасының орынбасары.

2016 жылдыңқарашасынан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқужұмысы және ақпараттық технологиялар жөніндегі вице-ректоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдыңсәуірінен бастап ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясыныңректоры болып тағайындалды.

Үйленген, үш баласы бар.

Соңғы жаңалықтар