Алтын-Емел ұлттық паркінде сусарлар фототұзаққа түсіп қалды

Фото: видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – Алтын-Емел ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа тас сусарлары түсіп қалды. 

Бақылау камерасы таулы-қыратты аймақта орналасқан. Кадрлар бұл жердің тас сусарлар үшін маңызды тіршілік орны және қозғалыс дәлізі екенін көрсетеді.

Тас сусар — епті, негізінен түнгі белсенді жыртқыш. Ол жартасты, таулы аймақтарды мекендейді, ұсақ жануарлар мен кеміргіштердің санын реттеп, экожүйе тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

— Фототұзақ деректері жануарлардың қозғалыс жолдарын, мекен ету аумағын, ғылыми мониторингті жүргізу мен қорғау шараларын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.

Айта кетелік Алтын-Емел ұлттық паркінде сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа түсіп қалған еді