«Алтын-Емел» ұлттық саябағына қарақұйрықтар үйірі су ішуге келді

АСТАНА. KAZINFORM – Алтын-Емел МҰТП ғылыми ақпарат және мониторинг бөлімі жүргізген далалық бақылау жұмыстары барысында орнатылған фототұзаққа қарақұйрықтар тіркелді.

Фото: видеодан алынған скрин

Қарақұйрық (Gazella subgutturosa) – Қазақстанның шөл және шөлейт аймақтарын мекендейтін ерекше сымбатты жануар.

Қауіп төнген жағдайда олар сағатына 60–70 км жылдамдықпен жүгіріп, бағытын лезде өзгерте алады.

Қарақұйрықтар өте сақ келеді, сондықтан оларды табиғи ортада көру сирек мүмкіндік. Фототұзаққа тіркелген әрбір бейне – жануарлардың мекендеу ортасының сақталғанын және табиғи популяцияны тұрақты бақылаудың маңызды нәтижесі. 

Айта кетелік Шарын паркінің фототұзағына да қарақұйрықтар іліккен еді