«Алтын-Емел» ұлттық паркінде сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа түсіп қалды

Фото: Видеодан скрин

АСТАНА. KAZINFORM — «Алтын-Емел» ұлттық паркінде орнатылған фототұзақ сирек кездесетін жабайы аңдар мен жәндіктерді түсіріп алды.

Бейнежазбада тау бұлағына жақындап келе жатқан түрлі жануарлар көрінеді.

Бұл жолы камера нысанына Сібір тауешкісі, қызыл бұғы, қызыл кітапқа енген кесіртке және сирек кездесетін түнгі жыртқыш тас қоңыз бар. 

— Мұндай бейнежазбалар бізге жануарлардың мінез-құлқын, олардың санын және жүріп өтетін жолдарын зерттеуге көмектеседі, — делінген ақпаратта.

«Алтын-Емел» ұлттық паркі сирек ландшафттар мен алуан түрлі флора мен фаунаға бай. Ондағы көп жан-жануарлар Қызыл кітапқа енген. Саябақ — Қазақстанның бірегей табиғи орындарының бірі.

Еске салайық, бұған дейін ұлттық парк аумағындағы фототұзаққа қар барысы мен қарақұйрық (джейран) түсіп қалды