«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларына халықаралық іздеу қайта жарияланды

Фото: Фото: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Араға екі жыл салып, Алматы маңындағы «Алтын орда» базарының бұрынғы басшылығына халықаралық іздеу қайта жарияланды. 

Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында шықты

Алмабек Қанат пен Данияр Әпдіғапаровты Алматы облысы Қарасай ауданының криминалдық полиция бөлімі іздеп жатыр.

Фото: Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталынан

Еске салайық, бұған дейін 2023 жылы Данияр Әпдіғапаровқа 1982 жылы туған, Жұмадин Патовқа, 1982 жылы туған, Қанат Жақаевқа, 1984 жылы туған, сонымен қатар Айдос Нұрқалиевқа, 1986 жылы туған Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша халықаралық іздеу жарияланған болатын

Бұдан бөлек, Алматы облысында «Алтын Орда» базарының бұрынғы атқарушы директоры Эрмек Марқабаев 4 жылға сотталған болатын. Оған аса ірі мөлшерде есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтап, тасымалдады деген айып тағылды