Қазақ палуаны Алтын Шағаева 59 кг дейінгі салмақтың қола медалін тәжірибелі спортшы Болортуя Хурельхуумен сарапқа салды. Тартысты белдесуде 30 жастағы моңғолиялық бозкілем шебері отандасымыздан айласын асырды.
Еске сала кетейік, Шағаева кеше жарысты 1/8 айналымнан бастап, түрік спортшысы Бедиха Гүнді жеңген. Ширек финалда Польша өкілі Ёвита Мария Врзезенді айқын басымдықпен ұтты. Жартылай финалда ересектер және U23 жас санатында Азия чемпионы Маниша Манишаға жол берді.
Алтын осыған дейін U23 жас санатында Азия чемпионатында күміс, U23 әлем чемпионатында қола, U20 әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болған.
Осылайша, әйелдер күресінен Қазақстан командасы Астанадағы әлем чемпионатын бір қола медальмен тәмамдады. Осыған дейін Зейнеп Баянова 50 кг дейінгі салмақта 3-орыннан көрінген.
Айта кетелік Болат Сақаев әлем чемпионатында Испания балуанын жеңген еді.