Бас бапкердің айтуынша, Қазақстан құрамасы осы спорт түрінен ел қоржынына алты жүлде сыйлады.
— Біз алты медаль еншіледік, олардың қатарында бір күміс және алты қола медаль бар, — деді ол.
Нұрмағанбетов шәкірттері чемпиондыққа бар күшін салғанын айтты.
— Әр спортшы үшін алтын жүлденің орыны бөлек қой. Біз сол үшін дайындалдық, Азия ойындарына арнайы мақсат қойып келдік. Спортшылар чемпиондық үшін күресті, — деді бас бапкер.
Бас бапкер Азия ойындарында бәсекелестік жоғары болғанын жасырмады.
— Қытай, Өзбекстан және Оңтүстік Корея құрамаларының деңгейі өте жоғары болды. Алдағы уақытта жаттығуларды күшейтіп, жаңа белестерді бағындыруға күш саламыз, — деді Нұрмағанбетов.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Стелла Суханова әйелдер арасында 500 метрге жекелей сында үшінші орын алды.
Сонымен қатар, Сергей Емельянов және Руфина Искакова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Қазақстан Азиаданың алтыншы жарыс күнінде бес қола медаль жеңіп алды.