«Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында Полиция мен ТЖД қызметкерлері іздеу-құтқару операциясын жүргізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Жамбыл облысындағы кеніште тау жынысы құлап, топырақ астында жұмысшы қалып қойды.
«АК Алтыналмас» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде апаттан құтқару жасағы келіп, іздеу-құтқару операциясы жүргізілді. Тау жыныстарының жүруі салдарынан және күрделі географиялық жағдайларға байланысы мамандарға оқиға орнына бару қиынға соққан.