Алтынемел асуында жол ашылды

Фото: Видеодан алынған скрин

АСТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол Алтынемел асуында жол ашылғанын хабарлады.

- 2025 жылғы 6 қараша сағат 08:00-де Жетісу облысында ауа райының жақсаруына байланысты «Сарыөзек – Көктал» автожолының 40–68 шақырымындағы (Алтынемел асуы) жүк көліктеріне қойылған шектеу алынды, - деп жазды ведомство.

Осылайша аталған бағытта көлік қозғалысы толық ашылды.

Тәулік бойы қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына хабарласуға болады.

Айта кетейік, бұған дейін Қордай асуындағы жол ашылғаны хабарланған болатын.