Арқар камераны бірден байқап қалған, бірақ асықпай, жан-жағын иіскеп, мүйізін көрсетіп, жайымен жартастың арғы жағына өтіп кеткен.
Төрт күннен кейін басқа фотоқақпан тағы бір арқарды түсірді. Сол ма, басқасы ма, белгісіз.
-Айта кетейік, арқар (Ovis ammon) Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Фотоқақпандар жануарларды мазаламай, олардың табиғи өмірін бақылауға мүмкіндік береді,-делінген жазбада.
Осыған дейін «Бұйратау» ұлттық паркіндегі камераға далада жайылып жүрген бұландар түсіп қалған болатын.