Атап айтсақ, грек-рим күресінен 77 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін отандасымыз Демеу Жадыраев жапондық палуан Нао Кусака белдеседі. Финал Астана уақытымен сағат 21:15-тен кейін басталады.
Ал, 80 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғайтын былғары қолғап шебері Нұрбек Оралбай украиналық Александр Хижнякпен алтынға таласады. Мықтылардың айқасы Астана уақытымен түнгі 01:51-де өтеді деп жоспарланған.
Айта кетейік, қос финалды «Jibek Joly» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Естеріңізге салсақ, Нұрбек Оралбай жартылай финалда Доминикан Республикасының былғары қолғап шебері Кристиан Хавьер Пиналеспен жұдырықтасып, қарсыласынан басым түскен болатын.
Демеу Жадыраев жартылай финалда әзербайжандық спортшы Санан Сулеймановпен кездесті. Нәтижесінде қазақ балуаны қарсыласын 6:1 есебімен жеңді. Осылайша ол финалға жолдама алды.