«Алтынкөл» шекара бекетінен 80 мың ампуланы заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – 16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының «Алтынкөл» теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өту әрекетінің жолын кесті.

«Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды», — деп жазды ҰҚК баспасөз қызметінен.

Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілген.