Астана уақытымен 15:13-тегі жағдай бойынша бағалы металдың бағасы 0,44%-ға көтеріліп, бір троя унциясы үшін 3 251,9 долларға жетті. Сағат 15:28-де алтын бағасы бір унция үшін 3 248,8 долларға дейін (+0,35%) өсуін бәсеңдетті.
Бұл ретте Лондонның ICE биржасында 2025 жылдың маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 0,8%-ға өсіп, $63,91- ден асып жығылды. Осы жылдың мамыр айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,47%-ға өсіп, барреліне 60,67 доллар болды.
Айта кетейік, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшысы алтын бағасының өсуіне қатысты пікір білдірген болатын.