Алты адам түйнеме («Сібір жарасы») жұқтырып, ауруханаға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстанның алты тұрғынына түйнеме жұқты деген қауіппен ауруханаға жатқызылды. Қазаннан 115 шақырым жердегі Кукмор ауылында карантин жарияланды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

«Сібір жарасы» диагнозы әзірге бір адамда расталды. Ауруханаға түсер алдында ол ірі қара етін мүшеге бөліп жатқанда дене қызуы көтеріліп, кейін осы дерттің белгілері пайда болған.

"Қалғандары осы кісімен қарым-қатынаста болғандықтан ауруханаға жатқызылды ", - деді тиісті ведомствода.

Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық бақылаудан хабарланғандай, ірі қара етінің бір бөлігін Кировск облысына сатқан, алайда өткізіп үлгермеді.

Татарстанда сібір жарасы соңғы рет 2003 жылы Зеленодольск ауданында тіркелген. Онда карантин жарияланып, 107 адамды оқшаулаған. Медицинаның көмектің арқасында кейін олардың барлығы сауығып кеткен.