Бұл ақпаратты ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі таратып отыр.
2012 жылдың 6 айы ішінде еліміздегі тіркелген қылмыстар деңгейі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 70 (80 685-тен 137 151-ге), оның ішінде ауыр қылмыстар 22,1 пайызға (12 762-ден 15 578-ге) өскен. Қылмыстың бұлайша өсуі жылпы алып қарағанда түсінікті, өйткені олар бұрын дәстүрлі түрде жасырылып келген қылмыстар есебінен болып отыр. Мәселен, ұрлық 91,8 пайызға (44 550-ден 85 443), бұзақылық 119,1 пайызға (3 615-тен 7 922-ге), аляқтық 69,7 пайызға (5 721-ден 10 037-ге), тонау 39,6 пайызға (7 363-тен 10 279) артқан.
Ведомствоның атап өтуінше, қылмыстардың бұл түрлері жалпы тіркелген қылмыстылықтың негізгі бөлігінің 83 пайызына тең. Қылмыстардың құрамындағы аса ауыр қылмыстар үлесі - 1,2 пайызды (1 703), ауыр қылмыстар - 11,4 пайызды (15 578), ауырлығы орташа қылмыстар - 79,4 пайызды (108 884), ауыр емес қылмыстар 8 пайыз (10 986) құрады.
«Жалпы қылмыстылықтың өсуі еліміздің барлық өңірлерінде байқалды, бұл Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің есепке алу-тіркеу тәртібін, қылмыстарды есепке алуда толықтық пен ашықтықты күшейтуде тиімді шаралар қолданып, қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеудің біртұтас жүйесін енгізуімен түсіндіруге болады» - делінген хабарламада.