Көрсетілген мерзімде 53,8 мың неке тіркелсе, 8,1 мың жұп заң жүзінде ажырасқан (АХАЖ деректері бойынша, некені бұзу туралы сот шешімін есепке алмағанда).
Ел ішінде қоныс аударушылар саны 5,8% артты. Өңіраралық көші-қон бойынша республиканың 3 өңірінде: Астана (16 044 адам), Алматы (15 611 адам) және Шымкент (1 049 адам) қалаларында халық миграциясы жоғары.
2023 жылғы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға 13 652 адам көшіп келсе, 6996 адамды керісінше, елден кеткен. Көші-қон сальдосы 6656 адамды құрады.
2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 87,3% артқан, ал кеткендер саны 56,7% азайған.
Елімізге халық негізінен ТМД елдерінен көшіп келеді. Осы мемлекеттер үлесі – 89,1%, осы елдерге кеткендердің үлесі – 75,4%.